"Қарапайымдылығы ұнады": Шавкат Рахмонов президентпен кездесуі туралы айтты
Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов Астана қаласындағы президентпен кездесуі туралы айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Рахмонов пен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Наурыз мерекесін тойлау кезінде кездескен еді.
"Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасы президентімен кездесу болды. Кездесуде президенттің қарапайымдылығы өте қатты ұнады. Өзінің жеке қабылдайтынын айтып өтті. Өте қуаныштымын", – деді файтер.
Еске салайық, бұған дейін Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі келесі қарсыласы анықталғаны туралы хабарлаған едік. Дана Уайттың сөзінше, отандасымыз алдағы уақытта Белал Мұхаммедпен жұдырықтасады.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған

