Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Карантин ұзартылған жағдайда Құрбан айт мерекесі қалай аталып өтіледі

ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ерболат Оңғаров карантиндік шаралар уақыты созылған жағдайда Құрбан айт мейрамын қалай атап өтуге болатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентігі. 

"Астрономия институттарының болжамы бойынша, биылғы Құрбан айт 31 шілдеге келеді. Алайда, біз Құрбан айттан 10 күн бұрын ол нақты қай күні болатындығын айтамыз", - деп жауап берді Ершат Оңғаров ОКҚ-да өткен онлайн-конференцияда.

Сондай-ақ, ҚМДБ төрағасының орынбасары, егер карантин ұзарса, қалай құрбандық шалуға болатынын айтты.

 "Егер карантин ұзартылатын болса, біз ораза айт кезінде болғандай нақты шаралар қабылдайтын боламыз. Естеріңізде болсса, Ораза кезінде айт намазы карантиндік шараларға байланысты жүргізілген жоқ. Егер карантин ұзартылса, өкінішке орай, біз мешіттерде айт намазын жасай алмаймыз", - деп түсіндірді Ерболат Оңғаров. 

"Құрбандық шалу қашықтан немесе тапсырыс бойынша жасалуы мүмкін. Ол үшін барлық жағдайды жасауға тырысамыз. Бұл мәселелерді жергілікті әкімдіктер де шешетін болады", - деді наиб мүфти.


Талқылау