Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар осы күзде қайта оқшаулануға қалай қарайды?

Жарты жылдан бері карантиннен әбден зәрезап болған халық торға қамалған құстың күйін кешуден шаршаған. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, күзде індет қайта өршуі мүмкін. Ал бұған қазақстандықтар дайын ба? Stan.kz тілшісі халық арасында сауалнама жүргізіп, карантин туралы ойын біліп қайтты. 

карантин

Сауалнама нәтижесінде басым көпшіліктің карантин алынып, бұрынғы мамыражай өмірге қайта оралғысы келетінін аңғардық. Алайда індеттің өршіп кетпеуі үшін карантин қайта керек екенін айтып жатқандар да жоқ емес. 

Сырлыбаева Перизат карантин студенттер мен оқушыларға қиын соққанын ашып айтты. 

"Стуенттер мен оқушыларға карантин өз зиянын тигізіп жатыр. Өйткені, студенттердің университетіне немесе оқушылардың мектебіне барып оқығаны дұрыс. Онлайн сабақты өткізуге арналған Zoom платформасы қатып, сабақты түсінуге кедергісін келтіреді. Меніңше, карантин қайта орнатылса да адамдар сол баяғыдай жүреді. Сол үшін енгізу орынсыз секілді", - дейді Перизат.

Өзін 3 курс студентімін деп таныстырған Атантаев Айдархан жарты жылға созылған карантиннен пайда көрмесем, зияны тиген жоқ дейді. 

"Маған карантиннің тигізіп жатқан ешқандай зияны жоқ. Керісінше, маған пайдасы тиіп жатыр. Өзімді жан-жақты дамытып жатырмын. Мысалы карантин болмаса, басқаша бағытта, мүлде бөлек өмір сүріп жататын едім. Ал карантин болғалы көптеген өзін дамыту курстарына және марафондарға қатысып, өзімді сынап көріп жатырмын. Карантин болғанын қолдаймын", - дейді ол.

Бірақ достарымен көрісе алмайтыны үшін және университетішілік байқауларда белсендлік таныта алмайтыны үшін қынжылатынын жетізді.

Биыл бірінші курсқа түскен Есенәлі Аяла студенттік өмірдің алғашқы жылдарында қашықтан оқу қиынға соғып жатқанын айтады. 

"Карантинді қайта енгізуге көзқарасым жақсы емес. Өйткені, биыл бірінші курспыз. Көп нәрсені түсіне бермейміз. Қашықтан оқып жатқан соң бізге көп нәрселер түсініксіз. Карантин енгізілуін қолдамаймын", - деп кесіп айтты.

Карантинің кесірі мектеп оқушылары да тиіп жатыр. 10-сынып оқушысы Сүлейманов Али өмірінің ең қызықты кезеңдері төрт қабырғада өтіп жатқанына налиды. 

"Карантин қайта енгізілгенін қолдамаймын. Карантиннің кесірінен біз мектепте оқып жатқан жоқпыз. Мектептегі ең қызықты кездеріміз 10 сыныпта болады деп ойлаймын. Ал біз үйде онлайн оқып жатырмыз. Сол өкіндіреді", - дейді Сүлейманов Али. 

Әубәкіров Ерсайынның пікірінше, карантин ойдан шығарылған болуы мүмкін. Оны қайта енгізу халықтың жағдайын одан сайын нашарлатып жіберуі мүмкін. 

"Карантинді қолдамаймын. Неге десеңіз, экономика қатты құлдырап кетті. Мұның бәрі ойдан шығарылған нәрсе", - деп кесіп айтты ол. 

Сауалнаманың толық нұсқасын Youtube каналымыздан көре аласыздар. 

 

 

Дайындаған: Жанна МӘЛІК, Сәкен ҚҰЛМАН

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр