"Қаралым көбейіп, оқырман саны артты": Бейбіт Қорған "некесіз баласына" қатысты пікір білдірді
“Танымал әнші Бейбіт Қорғаннан ұлым бар” деген атыраулық келіншектің хикаясын ел ұмыта қойған жоқ. Өнер иесі ДНҚ тапсырып та, пікір білдіріп те үлгерді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Астарлы ақиқат” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/beibitkorgan/
Эстрада жұлдызы Атырау қаласына барып, қалалық емханалардың бірінде ДНҚ сынамасын тапсырды. Алайда бетін бүркеп, түрін тұмшалап келген. Артынша жеке парақшасында жазба жариялады. Көп уақыт өтпей онысын өшіріп тастады.
“Мұндай жағдайда бұл мәселелерді тек сот қана шеше алады. Ешкім сотқа шағым түсірмеген. Сотпен дәлелдесін”, – делінген жазбада.
Фото: бағдарламадан скриншот
Сонымен қатар атышулы оқиға басталғалы әнші оқырман саны артып, қаралымы көбейгенін айтып, мақтанды.
“Құрметті ағайын! Бос әңгімелерге көңіл бөлетін уақыт жоқ. Шаруа бастан асады. Екінің бірі ондай әңгіме айта беретін болса, не қалады?!. Бәрі заңды түрде шешілсін! Дәлелдесін! Қолдап жатқан достарыма рақмет! Осы оқиға басталғалы қаралым көбейіп, жазылушылар саны артты. Нағыз қара пиар болды”, – деп күлді өнер иесі.
Еске салайық, атыраулық келіншек ұлының әкесі Бейбіт Қорған екенін айтып, халықтан көмек сұрағанын жазған едік.