Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандылық отбасы ата-әжелерінің мәйітін қабірден қайта қазып алмақ

Қарағандылық отбасы ата-әжелерінің денелерін қайта қазып алулары мүмкін. Өйткені «1973 жылдан бері жақындары жатқан зиратта басқа біреудің жерленгеніне сенімдіміз», – дейді.

20170517_144629

Сөздерінше, ата-әжесіне қойылған ескерткіш тастар жоғалып, марқұмдардың жатқан жеріне белгісіз біреулер кірпіш төсеп қойған, деп  хабарлайды 31 арна.

Ата-әжелері жерленген зиратқа жиі келетін Болат Даншолақов жаға ұстатарлық жағдайды бір апта бұрын біліпті. Азамат “ескерткіштердің жоғалып кеткенінен бұрын жақындарымыз жатқан зираттың үстінен кірпіш қаланғаны ауыр тиді”, – дейді. Қарағандылық отбасы зиратқа жауапты ритуалды агенттігінің заңсыз жер сатумен айналысатынына сенімді. Тіпті, екі бірдей мазарда тағы бірнеше адамның денесі көмілген деген күдіктері бар екенін айтады.

“Біз өз қолымызбен жасаған ескерткіш тастар жоқ. Түк жоқ. Бәрі сынған. Соған қарағанда, ата мен әжеміз жатқан жерге тағы біреу жерленген шығар”, – дейді Қарағанды қаласының тұрғыны Болат Даншолақов.

“47 жыл бойы жатыр осы жерде. Қараусыз жатқан мазар емес. Қалай біреудің ескерткішін бұзуға болады екен? Түсінбейміз”, – дейді Қарағанды қаласының тұрғыны Нағимаш Даншолақова.

Зиратқа жауапты ритуалды агенттік өкілдері жердің сатылмайтынын айтады. Марқұмның жақындары тек мемлекеттік баж салығын ғана төлейді-мыс. Ал марқұмдар жатқан жерге тағы біреулерді жерлеу қылмыспен тең дейді.

“Біз рұқсат бермесек, бұл зиратқа ешкім ешкімді жерлей алмайды. Ал тастарды ауыстырып, бейітті жинайтын адамдардың әрекетін біз үнемі бақылай алмаймыз. Лопырев ерлі-зайыптылар жатқан қорымды жақындары жаңартып жатқан шығар. Оны анықтап білеміз”, – дейді Зираттың бас бақылаушысы Григорий Ли.

Шағымданушы тарап тіпті құзырлы органдарға арыз да жазып үлгерген. Бір қызығы, мазардан жоғалған құлпытас бір түнде қайта қойылыпты. Талаптары орындалған соң ба, әйтеуір, көмекке жүгінген Даншолақтар материал эфирге дайындалып жатқанда, шығармауымызды өтінді. Сөздерінше, құлпытасты өзгерту өзге елдегі туыстарының тапсырысы бойынша жасалған көрінеді.

Тағы да оқыңыз:

Қазақстанда алаяқтар дипломды 200 мың теңгеге жасатып береді

Павлодар облысында отбасы бір күнде бес баланы асырап алды

Ақтөбеде өгей шешесі сабап тастаған қызға туған анасы келді

Талқылау