Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыдағы жол апаты: Жігіттің аузына темір арматура кіріп кетті (видео)

Жантүршігерлік жол апаты 2 маусым күні “Шахтинск-Қарағанды” жолында болды. «Mitsubishi» көлігін 25 жастағы шахтер Александр Добрышкин жүргізген. Оның жанында 22 жастағы Евгений Шведов отырған.

armatura_2

Олар 70-80 км/сағат жылдамдықпен келе жатады. Олардың алдында «Ssang Yong» көлігі келе жатқан. Қарсы беттен жүгі бар «Volkswagen Passat» көлігі шығып қалады. Көлік бұрылғанда артындағы жүгі аударылып түседі, деп жазады kriminalka.kz.

“Мен тежегішті басып үлгердім. Темірдің бізге құлап келе жатқанын естідім. Арматураның бәрі көліктің алдына құлады. Бір арматура алдында отырған Женяның аузына кіріп кетті”, – дейді жүргізуші.

armatura4

2 метрден ұзын арматура Женяның аузына кіріп, тісі мен жақ сүйектерін опырып жіберді.

“Жедел жәрдем тез келді. Біз Женяның арқасы мен аяғына массаж жасадық. Оның аузынан көп қан кеткендіктен, су сұрай берді. Су беруге болмайтынын біліп, тек арқасына құйып отырдық. Есінен танып қалмас үшін әр нәрсе айтып алдандырдық”, – дейді Александр.

b90521b6afc0387c0e00fbea7426bb7a

Дәрігерлер Женяны Шахтинсктегі ауруханаға алып кеткен. Кейін Қарағандыға апарып сол жерде темірді алған.

Енді Евгенийге бірнеше рет ота жасауға тура келеді. Дәл сол жерде ертесі күні де апат болған.

Ал дәрігерлердің арматураны алып жатқан сәтін медицина қызметкерінің бірі видеоға түсіріп, желіге салып жіберген. Бұл заң жүзінде дәрігер этикасына жатпайды. Қазір тергеу жүріп жатыр. Видеоға түсірушінің кім екені анықталатын болады.

Тағы да оқыңыз:

ДАИШ 8 елге теракт жасайтынын мәлімдеді

ЭКСПО-да белгісіз ер адам Түркіменстан президентіне тұра ұмтылды (видео)

Қарыз болған күнді 60 күн өтеу: Оразадағы кәффарат деген не?

Маңғыстауда акушер жол бойындағы дәмханада жүкті әйелді босандырып алды

Талқылау