Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда жылы судан шығатын жағымсыз иістің мән-жайы анықталуда

Орталық магистральды жүйе арқылы қарағандылықтардың пәтерлеріне келетін судың түсінің сұрқайлығы және судан шығатын иістің себеп-салдарын арнайы құрылған комиссия анықтап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Арнайы комиссия тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі, коммуналдық кәсіпорындар және Қарағанды әкімдігінің шешімімен құрылды.

Тараптар тұтынушылардың пәтерлеріне жіберіліп жатқан сапасыз судың себеп-салдарын барлығы бірігіп анықтау қажет деген байламға келген. Себебі осы мәселе бойынша соңғы уақытта құзырлы органдарға тұрғындар тарапынан жолданатын шағымдар саны арта түсіпті.

«Қалада көпқабатты тұрғын үй тұрғындардың ыстық судан шығатын жағымсыз иіске деген шағымдарының көбейіп кетуіне байланысты коммиссиялық тексеру жүргізу жөнінде шешім қабылданды. Мамандар су дайындау құрылғыларын қоса алғанда су беру жұмысына қатысы бар барлық жүйені тексереді»,-деді қалалық әкімдіктегілер.

Судың сапасын әкімдік қызметкерлері тексереді.

Оқи отырыңыз:

Шымкенттің ардагерлері жылуға ақы төлемейтін болды

ШҚО тұрғыны 15 жыл бойы күйеуінің мәйітін бақшада жасырып келген

Ақтөбелік әйел түрмеге қайта түсу үшін бомба туралы жалған хабар берген

Алматыда әкесі өртеп жіберген қыз қайтыс болды

Бауыржан Байбек “Голос. Дети” байқауының жеңімпазы Данэлия Төлешовамен кездесті

Талқылау