Мәдениет басқармасының қызметкері Қазыбек бидің сіңірген еңбегі жоқ деп жар салды (видео)
Қазыбек бидің кітап жазуға тұрарлық еш еңбегі жоқ деп жар салған қазақ жігіті елдің ашуын келтірді.
Бұл жайлы Айсұлтан Жақыпов есімді желі қолданушысы желідегі парақшасында жазды.
“Мына жігіттің есімі – Қадыр. Қарағанды облысы мәдениет (құжаттама,мұрағатын жазбай-ақ қояйыншы)басқармасында қызмет атқарады. Түрлі іс-шараларда “Шегірткенің айғырының ” қызметін жасап жүреді. Біздің мекемеге сөзі өтетін жерде отыр. Біз бұларға бағыныштымыз. Деңгейін мына видеодан көрерсіздер. Қызмет бабы бойынша талай рет келіспей қалғанбыз. Бәрінде тікелей бастығыма хабарласып, маған шағым жасап отыратын.
Енді видеоға келсек. Бұл сорыңды ұрайын Қаз дауысты Қазыбек жайлы уәж айтып отыр. Мен биекеңнің тікелей ұрпағы емеспін. Бірақ, Қазыбек би бір рудың не бір жүздің ғана тұлғасы емес. Ол қазақтың Қазыбегі. Мынандай майысқақтар сатылап өсе келе қаланың қақ ортасындағы бабамыздың ескерткішін алғызтып тастаудан тайынбас.
Мына кадрдағы Кадр жұрт алдында видео кешірім сұрауы және қызметінен осы дүйсенбіден қалмай кетуі тиіс деп ойлаймын”, – деп жазады ол.
“Маған Қазыбек бидің өсиеті жайлы 2 том кітап жазайық деп келген адамдар болды. Қазыбек бидің қалмақ ханға айтқан сөзі ғана бар. Одан басқа ештеңе жоқ. Осыны мойындайықшы. Одан басқа дерек жоқ. Сонда екі томды қалай шығарамыз. Міне, бұл мамандардың білімсіздігі”, – дейді видеодағы жігіт.
Желі қолданушыларының басым бөлігі оның сөзіне ашуланып, түрлі пікір жазып жатыр.
Тағы да оқыңыз:
Үш бидің ескерткішін аяғымен таптаған қытай жігіті қазақ халқынан кешірім сұрады (видео)
Алматы тұрғыны ұлын «Иегова куәгерлері» ұйымына кіргізгеніне өкініп жүр