Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды тұрғыны мемлекеттен ұрланған көлікті сатып алған

Қарағандыда ер адам мемлекеттік мүліктер және жекешелендіру департаментіндегі электронды сауда арқылы қымбат көлікті өз меншігіне өткізіп алған.

2017082909432554845_1

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Алайда көлікті тіркеу кезінде оның ұрланған машина екені анықталады.

Юрий Джуманияс сауда кезінде өзге 18 қатысушыны басып озып, мемлекеттен иесінен тәркіленген «Тойота Ланд Крузер Прадо» көлігін сатып алады. Қымбат автокөлік болғанына қарамастан, кем-кетік жерін жөндеу үшін ол 4 млн 800 мың теңге қаражат құйған. Алайда Астанада көлікті ресми тіркеу кезінде оның ұрланғандығы анықталады.

“Мен ештеңесіз қалдым. Ақша қазынаға кетті, көлік айып тұрағында тұр, ал менімен ешкім кездескен де, түсіндірген де жоқ. Құдды олар маған емес, мен оларға қарыз секілдімін”, – дейді сатып алушы Юрий Джуманияс.

Сауданы Астана қалалық мемлекеттік мүліктер және жекешелендіру департаменті ұйымдастырған. Олар болса бар жауапкершілікті көліктің бұрынғы иесі – Астана әділет департаменті деп бастарын алып қашыпты.

“Бұған дейін аталған транспорт МАИ органдарынан тіркеуден өткен. Қандай жағдайда тіркелгені беймәлім. Қазір біз өкілетті орындарға хат жолдадық. Нәтижесі кейінірек хабарланады”, – деді мемлекеттік мүліктер және жекешелендіру департаментінің өкілі Қабылан Қамбарбеков.

Полиция көліктің Ақтөбеден ұрланғанын анықтапты. Сосын оны сот мемлекет пайдасына өткізе салған. Юрий 4 айдан бері ақшасын қайтарып аламын деп әрекеттенуде, бірақ заңгерлер қаржыны қайтару мүмкіндігі тым төмен дейді.

“Жекешеленген саудаға қатысты белгілі бір мерзім бар. Онда 6 ай. Ал олар “Шаруаны шешеміз” дейді. Қазір біз сотқа бермесек, ол ертең-ақ талап ету құқығынан айырылады”, – дейді “Гарант” тұтынушылар құқығын қорғау қоғамының өкілі Жасұлан Айтмағанбетов.

Қазір Юрий мемлекеттік мүліктер және жекешелендіру департаментіне шағым түсірген. Қазір ол қымбат көлікті қайта алғысы жоқ. Тек жалпы сомасы 5,5 млн теңге болатын ақшасы мен моральдық шығынды өтесе дейді.

Оқи отырыңыз:

Алматы облысының әкімі жастармен футбол ойнады

Елімізде террорлық әрекетке барғандар ату жазасына кесілуі мүмкін

АҚШ-тан келген Димаштың жанкүйері қазақ тілін үйреніп, салт-дәстүрмен таныспақ ниетте

Семейде жүк көліктерінен құралған ерекше той кортежі жүріп өтті (видео)

Талқылау