Қарағанды облысында балалар паровозы бүлдіршінді басып кетті (видео)
Қарағанды облысында балалар паровозы бүлдіршінді басып өтті.

Ғаламторда балалар ауласында ойнап жүрген бүлдіршіннің паровоз астына түскен сәті жарияланды. Бала толы паровоз жүріп келе жатқанда сырт жақтан жүгіріп келген ұл бала паровоз жолының бойына тұрып алады. Осы сәтте паровоз оны басып өте шықты. Әрі қарай не болғаны видеода көрсетілмеген. Видеодан айқай-шудың даусы ғана естіледі.
Куәгерлердің айтуынша, қазір баланың жағдайы жақсы.
Желі қолданушылары балаларының қауіпсіздігіне қарамайтын аналарды кінәлады. Олар аналардың немқұрайлылығынан балалардың көптеп зардап шегіп жатқанын айтуда. Айтуынша, аналары көп жағдайда телефонға қарап отырып, баласына қарауды ұмытып кетіп жатыр.
Қазақстанда сергек жүргізушілерді полициямен келісіп әрекет етті деп айыптады: Бұл схема қалай жұмыс істейді
Сергек жүргізуші алыста тұрғанын айтып, мас қызға рөлге отырып, сәл жақындауын өтінген
Жүрегін ауыстырған қазақстандық өз донорын түсінде көріп, қызына сәлемін жеткізген
Кейіпкер: “Халықтан жинаған 7 милллион теңге отаға қажет болмай қалды”