Қарағандының орталық саябағында өлі арыстан табылды
Қарағандыда орталық саябақ аумағында арыстанның өлексесі көмілген жері табылды. Жабайы аңның мәйітін полиция қызметкерлері тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тәртіп сақшылары саябақ аумағын тексеріп, сараптама жүргізу үшін жануардың мәйітін тәркіледі.
"25 маусымда Орталық саябақтың аумағында жабайы жануар – арыстанның көмілген жері табылды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 316-бабы "Жануарларға қатыгездікпен қарау" бойынша қылмыстық іс тіркелді", – деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде.