Қарағандыдан Германияға қоныс аударған отбасы елге қайтып оралды

Осыдан біраз жыл бұрын Қарағандыдан Германияға қоныс аударған Владимир Тауберт елге қайтып оралды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Хабар 24 арнасына сілтеп.

Кезінде ата-бабасы Қазақстанға жер аударылып келген екен. Тарихи отанына оралған Владимир қазақтың кең пейілі мен ұлан-ғайыр даласын сағыныпты. Қазір жылқы баптап, мал шаруашылығын дөңгелетіп отыр.

Германияда 4 жыл тұрғанымен кейінгі уақытта Қазақстанға оралуды ойлаған. Оның сөзінше, ол Қазақстанды сағынған. 

4 жылында өз елін, яғни қазақ даласын сағынғанын айтады. 

"Германияда біз бір үйге қамалдық та қалдық. Еркіндік жоқ. «Өз үйім – өлең төсегім» дегенді сол кезде ұқтым. Қазағымның жерінде өзімді еркін әрі рахат сезінемін. 4 жылға жуық уақыт тұрдық та, әйеліме «елге қайтайық» дедім. Оның да күткені сол екен, қуана келісті. Германиядағы туыстарымыз аң-таң боп қалды, біз нағыз көшпенділер сияқты, жиналдық та көшіп кеттік", - дейді Владимир Тауберт.

Қазір азамат Ошағанды ауылында тұрады. Оның артынан жалғыз ұлы да елге қайта оралды.

Бүгінде жол бойындағы асханасы мен мал өсіріп, онға жуық адамды жұмыспен қамтып отыр.

Қайтып айтарымды да білмеймін. Ішімде бір сағыныш тұрып алды. Германияның маған климаты да, ауасы да жақты. Бірақ үйге қайтқым келді де тұрды. Барлық туыстарым сол жақта аң-таң болып қалды. Германияға тек қонаққа баруға болады, бірақ өмір сүру үшін Қазақстан жақсы", - дейді Владимирдің жары Эльвира Тауберт.

Ошағанды ауылының іргесі 1908 жылы неміс босқындары келе бастаған кезде құрылған. Қазір мұнда 500-ге жуық түтін бар. Жақында көшелерге жарық шамдар тартылып, су құбыры салынған. Владимир болса, ауылда қаңырап қалған тағы бірқатар нысандарды жөндеп, қонақ үй ашпақ. Осылайша, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуды қалап отыр.

 
Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр