Қарағандыдағы төтенше жағдай: Көпқабатты үйдегі газ жарылысы расталмады
Төтенше жағдайлар министрлігі 10 қаңтарда Қарағандыдағы көпқабатты үйдегі газ жарылысы расталмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ ұсынған деректерге сәйкес жарақат алған ер адам 1979 жылы туған. Құтқару қызметінің көмегімен 48 адам кіреберістегі пәтерлерден шығарылды.
"Газ жарылысы расталмады. Оқиға орнында газ құрылғылары табылмады. Ешқандай қираулар немесе құрылымдық бұзылулар жоқ. Жылу жүйелері бұзылмаған. Өрттің шығу себебі анықталуда", – делінген хабарламада.
Эвакуацияланған тұрғындар туыстарына және қаладағы қонақүйлерге орналастырылады. Оқиға орнында психологтар жұмыс істеуде.
Еске салайық, бұған дейін Қарағандыдағы көпқабатты тұрғын үйдің сегізінші қабатында жарылыс болғаны туралы хабарлаған едік. Салдарынан екі ер адам мен бір әйелдің мәйіті табылды.
Моңғолиядағы қазақ-моңғол дауы неден шықты: Тіл мәселесі неге көтерілді
"Қазақтар болашақта Баян-Өлгейді Қазақстанға қосып жібермек" деген сияқты негізсіз қауесетке ұласып кетті
"Байлықтың жарысы": Қазақстандықтар құдалыққа миллиондап ақша жұмсап, киіт кигізуге қарсы шықты
Айгүл Ғалымжанова: "Шығындарды есептегенде шамамен 15-16 миллион теңге шықты"