Қарағандыда жасөспірімдер есірткі зертханасын ұйымдастырған
Ішкі істер министрлігі Қарағандыда жасөспірімдер есірткі зертханасын ұйымдастырғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Онлайн-брифинг барысында министрліктің ресми өкілі Нұрділдә Ораз жасөспірімдер жалға алынған пәтерде есірткі жасаумен айналысқанын айтты.
"Қарағандыда есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері үш жасөспірімді ұстады. Олар арнайы жалға алынған пәтерде синтетикалық есірткі шығаратын наркологиялық зертхана ұйымдастырмақ болды. Тінту кезінде арнайы құрылғылар мен химиялық реактивтер табылды", - деді ішкі істер министрлігінің өкілі Нұрділдә Ораз.
Хабарланғандай, факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, тиісті сараптамалар тағайындалды.
Ішкі істер министрлігі ата-аналарға балаларының тәрбиесіне тиісті назар аударуға, олардың мінез-құлқын қадағалап, оларды бақылаусыз қалдырмауға кеңес береді.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған