Қарағандыда суицид жасамақ болған жасөспірімнің видеосы жұртты шошытты
Шахтинск қаласында өз-өзіне қол жұмсамақ болған қызды құтқарып қалған полиция қызметкерлері жұртты тәнті етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "31 арнаға" сілтеме жасап.

8 сынып оқушысы анасымен ұрысып қалғандық 5 қабатты тұрғын үйдің шатырынан секірмекші болған. Бұл операцияның кадрлары полиция жетонының камерасына түсірілген.
14 жыстағы қыздың үйдің төбесінде тұрғаны жайлы қаладағы орта мектептің мұғалімі хабарлаған.
Кезекші ақпаратты бірден көрсетілген аймақта жүрген жол патрульдік полиция қызметкерлеріне жеткізген. Полицейлер оқиға орнына келіп, шатырға шығады. Дулат Сейдахметов әріптесі Айдос Ыбыраевтан қыздың көңілін басқа жаққа аударуды сұрайды. Айдос қызбен сөйлесіп, оны тынышталдыруға тырысқан. Осы кезде Дулат оқушының артынан барып, тартып алған.
Қазіргі уақытта қызбен психологтар, инспекторлар және ювеналды полиция жұмыс істеп жатыр.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан