Қарағандыда шахтадағы жарылыстан зардап шеккен жұмысшылардың жағдайы белгілі болды
Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасында Ленин атындағы шахтада болған апаттан зардап шеккендер туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"1969 жылы туған науқас 14 қаңтарда сағат 15.33-те түскен. Диагноз: шахта газдарымен, оның ішінде орташа ауырлықтағы көміртегі тотығымен жедел ингаляциялық улану. Токсикологиялық энцефалопатия. Жағдайы тұрақты, орташа ауырлыққа жақын.
1997 жылы туған науқас 14 қаңтарда сағат 15.33-те түскен. Диагноз: шахта газдарымен, оның ішінде орташа ауырлықтағы улы газбен жедел ингаляциялық улану. Токсикологиялық энцефалопатия. Жағдайы тұрақты, орташа ауырлыққа жақын", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасында.
Еске салайық, Қарағанды облысындағы Ленин атындағы шахтада апат болды. Төтенше жағдай кезінде тереңдікте 137 адам болған, олардың біреуін құтқарушылар әлі де іздеуде.
Бұл шахта - "АрселорМиттал Теміртау"АҚ-ға тиесілі.
Талқылау

"Декретке миллионмен" дауы: Курстың негізін қалаған депутат Дәулет Мұқаевқа тексеріс жүргізіле ме?
Депутат Дәулет Мұқаев курстағы негізгі ойды түсіндіре келе, әйелдерді заңды жолды ұстануға шақырды

Енді "Отбасы Банк" монополиясы болмайды: Ипотекалық несиелендіру реформасынан қандай жақсы өзгерістер күтеміз
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”