Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда сақтандыру компаниясының менеджері техникалық байқаудан өту туралы жалған құжат дайындаған

Полицейлер Қарағандыда жалған техникалық байқаудан өту құжаттарын жасаған сақтандыру компаниясының менеджерін ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Полиция ұсынған мәліметке сүйенсек ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлеріне қаладағы сақтандыру компанияларының бірінде техникалық байқаудан өту туралы жалған құжаттардың сатылатыны туралы ақпарат түскен. 

“Полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында сақтандыру компанияларының бірінің 35 жастағы менеджері ұсталды. Ұсталған әйелден айғақ заттар, соның ішінде автокөліктердің техникалық байқаудан өткені туралы жалған 24 мөр басылған бланк тәркіленді”, – делінген хабарламада. 

Сондай-ақ күдіктінің тұрғылықты мекен-жайынан ресейлік сақтандыру компаниясының мөрі, ресейліксақтандыру компаниясының 33 бланкі, әртүрлі көліктерге қатысты 30 дана диагностикалық карта, пневматикалық тапанша және екі пышақ тәркіленген. 

Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 385-бабына (Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүрімп жатыр. 

Назархан Уән
Дүйсенбі, 26 Маусым, 2023 15:22