Қарағандыда көктайғақ кезінде автобус жаяу жүргіншіні қағып өлтірді
Қарағанды полиция департаменті автобус көктайғақ салдарынан жаяу жүргіншіні қағып өлтіргенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: shutterstock
"12 қазан күні сағат 19:00 шамасында Липецк көшесінде 53 жастағы маршруттық автобус жүргізушісі көктайғақ жағдайында 56 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Зардап шегуші дереу ауруханаға жеткізілді, бірақ дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, ол алған жарақаттарынан көз жұмды", – делінген хабарламада.
Ведомство мәліметтері бойынша күннің күрт сууы және көктайғақ салдарынан өңірде 22 жол-көлік оқиғасы болған.
Шахтинск және Теміртауда да жол-көлік апаттары болып, нәтижесінде екі адам әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Бір тәулікте ішінде тіркелген 19 жол-көлік оқиғасы жәбірленушілер мен зардап шеккендерсіз өтті.
Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде танымал кәсіпкердің ұлы "Лексус" көлігін мас күйінде басқарғаны үшін ұсталып, оның әйеліне полиция қызметкерін қағып кеткені үшін қылмыстық іс қозғалып, үйқамаққа алынғанын жаздық. Мәліметтерге сәйкес, 29 жастағы Бекжан көлік айдап келе жатып, қарсы жолаққа шыққан. Полиция оны тоқтатқаннан кейін, медициналық тексеруден өту үшін жіберілді. Онда оның алкогольдік мас күйде екені анықталды. Тексеруден кейін жүргізуші медициналық мекемеден қашып шығып, әйелімен бірге көлігіне отырған. Әйел полициядан қашуға тырысқан. Алайда оның көлігі жолда полиция қызметкеріне соғылып, оны капотында бірнеше метр бойы сүйреп апарды. Келесі күні құқық бұзушылар полиция бөлімшесіне жеткізілді.