Қарағандыда қарулы күдіктіні ұстау кезінде полицей жарақат алды
Қарағандыда қарулы топ 23 қыркүйекте жергілікті тұрғынға қастандық жасамақ болған. Көлікпен жасырынған күдіктілерді ұстау кезінде полиция қызметкері жарақат алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 11:30 шамасында болған. Полициядан жасырынған күдіктілердің бірі қару қолданған.
"Оны ұстау барысында жедел уәкілдің бірі жараланды. Аталған дерек полицияда тіркеліп, оқиғаның мән-жайы анықталуда", – делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта оқиғаға қатысы бар өзгеде тұлғаларды анықтау бойынша жедел іс-шаралар атқарылып жатыр.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған