Қарағандыда ер адам 13 жастағы қызды бұталар арасына сүйреп, зорламақ болған
24 шілдеде Қарағанды қаласының 51 жастағы тұрғыны полицияға шағым түсірген. Кешкі 19:00 шамасында белгісіз біреу 13 жастағы қызының қолынан ұстап, бұталар арасына сүйреген. Кейін қызды зорламақ болған. Қыз айқайлаған соң қаскөй баланы жіберіп, қашып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға орнына учаскелік полиция инспекторлары келген. Олар көп ұзамай қаланың 36 жастағы тұрғынын ұстаған.
"Бұл деректен кейін Қылмыстық кодекстің 121-бабы, 4-бөлігі " Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оған сәйкес қаскөй күдікті 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды", – деп мәлімдеді полицейлер.
Қазір тергеу жүріп жатыр. Өзге ақпараттарды полиция өкілдері жария етпеген.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған