Қарағандыда баланы қауып алғаны үшін иттің иесі 37 мың теңге айыппұл төлейді
Қарағандыда 5 жасар қызды иті қауып алғаны үшін иесі айыппұл төлейді. Иесі итті ағашқа байлап қойған екен, сол кезде қыз жануарды сипау үшін жанына барған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Патриот" Телеграм-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: today.ua
Ит балаға тап беріп, бетін тістеп алған. Иесі қызды ауруханаға өзі апарған екен, ал жанында баланың анасы болған.
"Дәрігерлер балаға 8 тігіс салды. Құтырмаға қарсы екпе сала алмады, себебі баланың бұл препараттарға қарсы реакциясы болған. Енді баланың бетінде тыртық қалады. Ал иттің иесі баланың жануардың жанына өзі барғанын айтып, жауапкершілікпен қашып отыр", – деді отбасының құрбысы Виктория.
Әйелдің сөзінше, ойын алаңында баланың жанында үлкен адамның жүруі міндетті емес. Оның үстіне иттің тұмылдырығы болмаған. Осы үшін иттің иесіне айыппұл салыныпты.
"5 жасар зардап шеккен қыздың өзі ағашқа байланып тұрған итке жақындағаны анықталды. Салдарынан бала жарақат алды. 43 жастағы иесі қызды өзі емханаға алып барып, жанында болды. Кәмелетке толмаған баланың анасы бұл уақытқа дейін иттің иесін жауапқа тарту туралы арызбен жүгінбеді. Материалды зерттеген соң иесін итті серуендеуге шығару тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды. Ол 36 920 теңге айыппұл арқалады", – деді облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.