Қарағандыда автобус жеткіншектің аяғын басып кетті
Қарағандының Майқұдық ауданындағы аялдамалардың бірінде оқыс оқиға орын алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Автобус жүргізуішісі көлікке мініп жатқан адамдарға қарамай жүріп кеткен. Бала жетектеген әйелдің өзі автобусқа кіріп үлгеріпті, бірақ оның ұлы сыртқа құлап кетеді.
Осы уақытта оның аяғын автобус басып кеткен көрінеді. 11 жастағы жеткіншек аяғының жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның аяғына ота жасапты.
"Қазір бала жансақтау бөлімінде. Жарақаты өте ауыр", - деді травматологиялық емхананың жетекшісі Берік Түлеубаев.
Өз әрекетін автобус жүргізушісі уақыттан қалып қойғандықтан деп түсіндіріпті. Қазіргі таңда аталған оқиға бойынша тексеріс жүргізілуде.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"