Қарағандыда алаяқ жоқ пәтерді жалға беріп, қаржыны бәс тігуге жұмсаған
Қарағанды қаласында жоқ пәтерді жалға беріп, үш тұрғынды алдаған алаяқ ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скриншот
Полиция мәліметінше, жәбірленуші пәтерді жалға алу үшін хабарлама берген адамға алдын ала 10 мың теңге ақша жіберген. Кейін сол үйге келіп кірмекші болғанда ол жерде басқа адамдардың тұрып жатқанын біліпті.
“Полиция департаменті криминалдық полиция басқармасы және Қарағанды қалалық полиция басқармасының киберпол қызметкерлері кешенді жедел іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Ұлытау облысы, Жезқазған қаласынан 23 жастағы күдіктіні қолға түсірді”, – делінген полиция басқармасында.
Күдікті жәбірленушілердің ақшасын букмерлік мекемеде құмар ойындарға бәс тігу үшін жұмсаған екен. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Оның үстінен Қылмыстық кодекстің 190-бабына сәйкес іс қозғалды.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"