Қарағандыда 2 жастағы бала көптеген магнит жұтып қойған
Қарағандылық дәрігерлер бірнеше магнит жұтып қойған баланың өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

4 ақпан күні Облыстық балалар ауруханасына іш ауыруы, бірнеше рет құсу шағымдарымен шұғыл түрде, 2 жастағы бала түсті. Қабылдау бөлмінде іш қуысы мүшелерінің рентгенографиясы жасалып, асқазан-ішек жолдарында бөгде заттар (магниттер) анықталды.
Тез арада балаға операция жасалды. Операция кезінде ішек перфорациясының аймақтары анықталды, оның себебі: 11 дана металл магниттер екені белгілі болды. Операция 1,5-2 сағатқа созылды. Қазіргі уақытта бала жансақтау бөлімінде.
Қазақ тілін қорлаған бұрынғы Ресей азаматы 15 күнге қамалды
Отырыс барысында айыпталушы өз кінәсін мойындап, оны қатаң жазаламауды сұраған
Оралдағы инфекциялық ауруханада 13 жасар қыз көз жұмды: Ата-анасы дәрігерлерді кінәлап отыр
Қызы қайтыс болғаннан кейін әкесі барлық тиісті органға арыз жазғанын айтады