Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандылық азаматтар тұрғындардың көзінше бір-біріне пышақ ала жүгірген (видео)

Қарағандыдағы Майқұдық шағынауданында ер адам көшеде адамдардың көзінше танысын пышақтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға Майқұдық шағынауданындағы тұрғын үйлердің ауласында, өтіп бара жатқан адамдардың көзінше болған. Екі ер адам мен әйел жанжалдасып қалған.

Куәгерлердің бірі оқиғаны видеоға түсіріп алған. Онда бір ер адам мен әйелдің жерде жатқанын көруге болады. Ал үшіншісі - ер адам олардың жанында тұрып, шалбарын шешіп, әрі-бері өткендерге аяғына алған жарақатын көрсетуде.

"23 наурызда сағат 16.30-да Қарағанды қаласының 40 жастағы тұрғыны жанжал барысында 34 жастағы танысына пышақ жарақатын салған. Полиция қызметкерлері оқиғаның барлық қатысушыларын ізін суытпай анықтады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу шаралары жүргізілуде", - деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

 

Талқылау