Қарағанды облысының тұрғыны әлеуметтік желіде ұлтаралық алауыздық тудырғаны үшін 5 жылға сотталды
Саран қаласының тұрғыны Қазақстанның аумақтық тұтастығына қарсы көзқарасын білдірген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин
vk_gazeta сайтының мәліметінше, ер адам “Рулетка” чаты алаңында шетелдік азаматпен онлайн сөйлескен. Сөз барысында ол Қазақстанның аумақтық тұтастығына қатысты Конституцияға қарсы көзқарас блідіріп, жеке ұлттарға қатысты пікір айтқан. Бұл желі қолданушыларының наразылығын тудырды. Сараптамалар Саран қаласы тұрғынының мәлімдемелерінде сепаратистік көзқарас және ұлтаралық көзқарас белгілері бар екенін растады.
Сот Саран қаласы тұрғынына қылмыстық кодекстің 174-бабы (Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты тудыру) және 180-баптарына (Сепаратистік әрекет) сәйкес 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі