Қарағанды облысының ауылдарында жас дәрігерлерді жұмысқа қабылдап, оларға жағдай жасалады
Фото: gov.kz
Қарағанды облысында мемлекет басшысының ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жөніндегі тапсырмасы орындалып жатыр.
Ауылдық жерлерде 92 медициналық нысан, дәрігерлік амбулаториялар, фельдшерлік-акушерлік және медициналық пункттер салынуда. Олардың 51-і қайтарылған активтерге – қаражат арнайы мемлекеттік қордан бөлінген. Кадрларға қатысты да мәселе шешіліп жатыр.

Фото: gov.kz
"Онда кім жұмыс істейді деген сұрақтар келіп түсуде. Біз кадрлық қолдауды күшейткенімізді еске салғым келеді. Дәрігерлердің көтерме ақысы 8,5 млн теңгеге дейін ұлғайтылды, енді бұл тәжірибе тек ауылдарға ғана емес, қалаларға да тарайтын болады. Өткен жылы 62 дәрігер тартылды, биыл тағы 70-ін күтіп отырмыз", – деді облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Павлодарды "біздікі" деген ресейлік стример Fassoollka жауапқа тартыла ма? Заңгер түсіндірді
Ресейлік стример Fassoollka-ға мемлекет неге үнсіз және оны қандай жаза күтіп тұр?
Қазақстандық сызылған пауэрбанкіне байланысты ұшаққа отыру кезінде қиындыққа тап болды
Әуежай өкілі: "Құрылғының бұған дейін әуе көлігімен бірнеше рет тасымалдануы қауіпсіз екеніне кепілдік бермейді"