Қарағанды облысында жедел жәрдем қызметкері жүкті әйелді босандырып алды
Қарағанды облысының Ақтоғай ауданындағы ауылдық фельдшер боранды күні толғағы қысқан әйелді жол үстінде босандырып алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 28 қаңтар күні болған. Ақтоғай ауылынан Балқашқа барар жолда аудандық фельдшер жедел жәрдем көлігінде жүкті әйелге көмектесіп, оны босандырып алған.
«Нарманбет елді мекенінің маңында фельшер Ысқақова Баян Мұратқызы жедел жәрдем көлігінің ішінде ауыл тұрғынын босандырып алды. Оған үлкен рахмет. Біз ауылды мекендерімізде осындай өз ісінің білікті мамандары бар екенін мақтан тұтамыз. Дүниеге салмағы 2370 грамм және бойы 47 см ұл бала келді», - деп хабарлайды Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған