Қарағанды облысында қасқыр үш адамды талап, қойларды қырып кеткен
Қарағанды облысында қасқыр үш адамды талап, қойларды қырып кеткен. Жабайы жануар табылып, көзі жойылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарайды.
Фото: freepik.com
Қарағанды облысында 21 желтоқсан күні үш адамға қасқыр шабуыл жасағаны белгілі болды. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Осы оқиғадан соң полицейлер ветеринария қызметкерлерімен бірге жабайы жануарды іздеу жұмыстарын бастады.
"Іс-шаралар барысында полицейлер Қарағанды облысы Қарқаралы қаласының тұрғындарына тістеу түрінде дене жарақатын салған жабайы жануарды анықтап, көзін жойды", – делінген полиция хабарламасында.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккендердің жаралары емделіп, құтыруға қарсы екпе салынып, амбулаторлық емделуге жіберілгенін хабарлады.
Қазақстанда "Ерен еңбегі үшін" медалі кімдерге беріледі, талаптары қандай
Заңға сәйкес, марапат мына салалардағы еңбек жетістіктері үшін беріледі
Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге көтерілсе не өзгереді және кімдердің табысы өседі
Маман: "Қазақстанда ең төменгі жалақыны белгілеудің нақты математикалық формуласы жоқ"