Қарағанды облысында түрмедегі жанжалдан кейін сотталушы көз жұмды
Қарағанды облысы Абай ауданы, Қараған ауылындағы қатаң режимдегі колонияда жазасын өтеушілердің бірі көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Төтенше жағдай 24 ақпанда болды.
Қарағанды және Ұлытау облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, сотталушының өліміне қатысты тергеу басталды.
"Қарағанды облысы бойынша №29 ең жоғары қауіпсіздік мекемесінде сотталғандар арасында жанжал туындап, солардың бірі жарақат алып, мерт болды", – деп мәлімдеді ведомствосында.
Жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалған.
"Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті тексеріс тағайындады, оның қорытындысы бойынша қызметкерлердің әрекетіне құқықтық баға беріледі", – деп толықтырды қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған