Қарағанды облысында санитарлық бекеттер алып тастайтын болды
Қарағанды облысында санитария бекеттері алынады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысы жарияланды, оған сәйкес аймақта санитарлық бекеттер алынып тасталады. Бас санитар дәрігер облыспен шекаралас аймақтарда аурудың азаюын басшылыққа ала отырып, осындай шешім қабылдады.
"Қарағанды облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 2 қарашадағы "Бұқар Жырау, Қарқаралы және Осакаров аудандарының аумақтарында орналасқан облыстың сыртқы шекараларына кіруді/шығуды бақылау үшін санитарлық бекеттерді орнату туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын", - делінген құжат мәтінінде.
Қаулы 2020 жылғы 18 желтоқсанда 00.00-ден бастап күшіне енеді.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"