Қарағанды облысында ер адам далада үсіп өлді
Қарағанды облысында 60 жастағы ер адам далада үсіп өлді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық ТЖД мәліметінше, 26 ақпанда Шет ауданының Ақжал ауылдық округінде ер адамның жоғалғаны туралы хабарлама келіп түскен. Ол 25 ақпанда күндіз қыстаудан белгісіз бағытта шығып, қайтып оралмаған.
Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаменті, полиция және жергілікті атқарушы органдардың күштерінен тұратын іздеу тобы іздеу-құтқару жұмыстарын бастады.
"Қар құрсауында 28 сағат болған": Жолда қалған қостанайлық азамат ғажайыптың күшімен аман қалды
Сол күні, шамамен cағат 17:15-те жоғалған адамның денесі қыстаудан бес шақырым жерде табылды.
Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар комитеті ауа райы нашарлаған кезде елді мекендерден тыс жерлерде жүргіншілер мен жаяу жүргіншілер өткелдерінен бас тартуды, ауа райының өзгеруіне сәйкес киінуді қатаң түрде ескертеді.
Бұған дейін осы Шет ауданында аязда жолда көлігі бұзылып қалған жүргізуші түсірген видео пайда болды. Видеода ер адамның кірпігіне, қасына және сақалына мұз қатып, құлақтары үсіп қалғаны көрінеді.