Қарағанды облысында екі баланы ит қауып, біреуі қайтыс болды
Қарағанды облысында екі баланы ит тістеп, зардап шеккендердің бірі қаза болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Полицейлер жеке үйдің ауласында ойнап жүрген 3 және 5 жастағы екі ұл балаға бос жүрген иттің шабуыл жасағанын анықтады. Зардап шеккен балалар медициналық мекемеге жеткізілді, онда 3 жасар бала алған дене жарақатынан қаза болды. Екінші бала ауруханаға жатқызылды", – деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу жүргізілуде. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі