Қарағанды облысында екі ауыл тұрғыны таза тұқымды ағылшын-араб жылқысын ұрлап, соғымға сойған
Қарағанды облысында таза қанды араб тұқымды бәйге атын ұрлап, сойып алған күдіктілер ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Полицияға 30 жастағы аудан тұрғыны арызданып, белгісіз біреулер халықаралық бәйгеге дайындап жүрген тұлпарын ұрлап кеткені туралы хабарлаған.
Полиция дерегінше, келтірілген шығын 1 миллион 500 мың теңгені құраған.
- Қырғызстанда қаза тапқан криминалдық авторитеттен 427 миллион теңгенің жылқысы тәркіленді
- Екі жыл құлдықта болған: Полицейлер бірнеше адамды еңбек құлдығынан құтқарды
“Полиция осы іске қатысы бар деген күдікпен 23 және 54 жастағы азаматтарды ұстады. Олардың барлығы Шет ауданындағы блок-бекетте қолға түсті. Күдіктілер ұрланған жылқыны сойып, мүшелеп тастағаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. ҚР ҚК 188-1 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды”, – деп хабарлады криминалдық полиция басқармасының бастығы Аслан Өскембаев.
Басқарма бастығының айтуынша, жыл басынан бастап, облыс аумағында 644 бас мал ұрланып, оның 547-сі иелеріне қайтарылған.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"