Қарағанды облысында әйел тас жолда бірнеше сағат бойы көмек күтіп, қансырап жатқан
Қарағанды облысының Приозерск қаласының тұрғыны бірнеше сағат бойы тас жолда көмек күтіп, қансырап жатқан. Жедел жәрдем көлігін ұзақ күткен әйел тіпті есінен танып қалған. Бақытына орай, оларға полицейлер кезіккен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
София есімді әйел 25 сәуірде кешке кенеттен ауырып, ішінен қан кеткен. Күйеуі жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер 40-50 минуттан кейін келген.
"Олар маған қан тоқтататын укол салып, Приозерскідегі медициналық мекемелердің біріне апарды. Онда мені қарап, Балқашқа бару керек екенін айтты, өйткені оларда қажетті мамандар мен жабдықтар жоқ болды. Бұл ретте белгісіз себептермен мамандандырылған медициналық машиналар ол қалаға бармайды екен.
Күйеуім мені автокөлігімізбен апармақ болды. Машина көп ұзамай тас жолда бұзылып қалды. Күйеуім қанша тырысса да, оны қоса алмады. Ол жолға шығып, көлік тоқтата бастады. Бірақ бірде-бір көлік тоқтаған жоқ. Бірде-бір. Уақыт өтіп жатты, мен қансырап жаттым. Көзіа қарауытып, әлсіздік пайда болды. Күйеуімен бірге Балқаш жедел жәрдем станциясына қоңырау шалдық. Бізге дәл қазір фельдшерлермен бірге көлік жіберетінін айтты. Уақыт зымырап өте берді. Шамамен екі сағаттан кейін есімнен танып қалдым", – деп еске алады әйел.
Осы кезде күйеуі тағы бір көліктің фараларын көрген. Ол шарасыздықтан жолдың ортасына шықты. Бұл полиция қызметкерлері болып шықты. Олар ерлі-зайыптыларды Балқашқа апарды. Қаладан 30 шақырым қалғанда жедел жәрдем көлігін көрген.
"Қазір София өзін жақсы сезінеді және тәртіп сақшыларына кәсібилігі үшін алғыс білдіреді", - деп хабарлайды портал.