Қарағанды облысында ауа райының қолайсыздығынан 1400-ден астам көлік жолда қалып қойды
Қарағанды облысында ауа райының салдарынан тас жолдары жабылып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Shutterstock.com
Қарлы боран мен көктайғақ салдарынан жолдың алты учаскесі, соның ішінде Астана мен Алматы бағыттары жабық күйінде қалды.
1418 көлік, оның ішінде 508 жеңіл көлік, 900 жүк көлігі және 10 автобус жолда қалып қойған. Олардың ішінде 2924 адам бар.
“Жолда тұрып қалған жүргізушілер мен олардың жолаушыларына барлық қажет көмек көрсетіліп жатыр. Олар ыстық тамақ пен сусынмен қамтамасыз етілген. Сұраныс бойынша оларды жылыту және түнеу пунктеріне жеткізуге болады. Барлығы 144 саяхатшы жол бойындағы дәмханаларға, мешіттерге және интернаттарға орналастырылды”, – деп мәлімдеді ІІМ.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты жол полициясы қызметкерлері күшейтілген тәртіпке көшті. Облыс жолдарында 35 патрульдік автокөлік пен 74 полиция қызметкері жұмыс істеп жатыр.