Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қара зере майы: пайдасы мен зияны

Stan.kz  тағам дайындауда да, түрлі ауруларды емдеуде де кеңінен қолданылатын пайдалы өнімдердің бірі қара зере майы туралы толық түсінік беріп, оның пайдасы мен зияны жайлы мәлімет ұсынады.

Қара зере майы: пайдасы мен зияны

Қара зере тұқымы хош иісті дәмдеуіш ретінде тағам дайындауда кеңінен қолданылады. Бірақ бұл оның барлық қасиеті емес. Осы кішкентай тұқымдардан қара зере майы деген өте пайдалы қасиеттері бар тамаша өнім шығарылады.

Қара зере майының пайдасы

Шығыс емшілері қара зере майын мыңдаған жылдар бойы қолданып келді. Ал жақында заманауи ғалымдар да оның құндылығын мойындады. Көптеген зерттеулер барысында осы өнімнің ағзаға әсер ете алатын және көптеген ауруларды емдеуге көмектесетін бірегей химиялық құрамы бар екені анықталды.



Қара зере майында жүздеген белсенді зат бар. Оған көп қанықпаған май қышқылдары, амин қышқылдары, фитостеролдар, эфир майлары, сапониндер, тимохинон, нигелон, бета-систерол секілді органикалық қышқылдар жатады. Бұл өнім кальций, фосфор, мыс, селен, мырыш, темір, А, С, Е, В дәрумені мен басқа да көптеген бағалы компоненттерге және микроэлементтер мен витаминдерге бай.

Зере майы әртүрлі және бай құрамының арқасында мынадай әсерге ие:

  • иммунтүрлендіргіш;
  • қабынуға қарсы;
  • бактерия жойғыштық;
  • аллергияға қарсы;
  • қызуды түсіретін;
  • ауруды басатын;
  • қақырық түсіретін;
  • несеп айдататын;
  • тыныштандыратын;
  • өт айдататын;
  • тырыспа жоюшы.

Пайдасы мен зияны ұзақ уақыт бойы қолданылуымен расталған қара зере тұқымынан алынатын май бүгінгі таңда да кеңінен қолданылады. Бұл асқазан-ішек жолдарының жұмысына жақсы әсер етеді. Оны қалыпты тұтыну шамадан тыс газ жиналу сияқты жағымсыз әсерді шешуге көмектеседі.

Бұл өнім асқазандағы толқи жиырылу мен қышқылдықты қалыпқа келтіреді, диареяны жойып, қабынуды азайтады, ішек ауруларының қоздырғыштарын және патогендерін бұзады, тіпті құрттарды жояды.

Ал өт айдататын әрекетінің арқасында өттің іркілуін жоюға және өт жолдарын тазалауға көмектеседі. Зере майы бауырға да жақсы әсер етеді.

Бұл май бауырдағы уытты заттарды шығаруға көмектесіп, оның құрылымын қалпына келтіреді және қабынуды азайтады. Бұл майды өт қабына тас байлану, гастрит, гепатит, дисбактериоз, панкреатит, гельминтоз, холецистит, асқазан жарасы, цирроз, панкреатит, энтероколит, бауыр циррозы сияқты ауруларды емдеуде қолдануға болады.

Сондай-ақ, бұл май қан тамырлары мен жүрекке де пайдалы. Аталған өнім қантамыр өткізгіштігін және холестеринді төмендетеді және қан тамырларының қабырғасын мықты етіп, қан қысымын төмендетіп, сондай-ақ қанның ұйыуын және беріштік түйіншектің алдын алады. Қара зере майы гипертония, атеросклероз, варикоз, жүректің ишемиялық ауруы, қанның ұйыуы, вегетососудистая дистония, тромбофлебит, мидың қан айналымының бұзылуы секілді ауруларды емдеуде жақсы нәтиже көрсетеді.

Сонымен қатар, зере майы күшті антиоксидант болып табылады. Ол жасушаның өміршеңдігін жоғарылатып, олардың қалыпқа келу мүмкіндігін арттырады және еркін радикалдарды жойып,  ағзаның жастығын ұзартады. Ал зере майын үнемі тұтыну орталық жүйке жүйесінің жай-күйін қалыпқа келтіріп, есте сақтауды жақсартады, сондай-ақ физикалық және ой жүктемелерін жеңіл көтеруге көмектеседі. Сонымен қатар ол метаболизм процестерін белсендіреді және иммунитетті көтереді.

Зере майы жиі үрпінің қабынып ауыруы, цистит (қуықтың қабынып ауруы), пиелонефрит (бүйрек және бүйрек түбінің қабынуы) және бүйректің қабынуы секілді несеп-жыныс жүйесі ауруларынан зардап шегетін адамдарға ұсынылады. Бұл жағдайда зере майы қабынуға, бактерияға қарсы және несеп айдататын қасиеттеріне байланысты оң әсер береді.

Зере майы ер адамдарға ұрықтың сапасын жақсартуға, жыныстық белсенділік пен әлеуетті арттыруға көмектеседі. Бұдан басқа, зере майы ерлердің жыныс мүшелерінде қабыну процестерінің дамуының алдын-алуда жақсы ем болады.

Ал бедеулік, қуық асты безінің аденомасы, қуық асты безінің қабынуы секілді аурулардан зардап шегетін ер адамдар зере майына ерекше назар аударуы қажет. Зере майы әйелдер үшін де пайдалы. Оны тұтынудың арқасында гормоналды балансты қалыпқа келтіріп, қабынудың және тіпті жыныс аймағында ісіктердің пайда болуының алдын алуға болады. Бұл май сондай-ақ, бала емізетін аналарға сүттің жақсы шығуына көмектеседі.

Сондай-ақ, қара зере майының температураны төмендету, қақырық түсіру, вирусқа қарсы және бактерия жойғыштық әсері, бронхит, пневмония, жөтел, тамақ ауруы секілді аурударды емдейтін қабілеті туралы да атап өткен жөн.

Зере майы тері проблемаларын шешуде де белсенді қолданылады. Оны безеу мен бөртпелерді емдеуге арналған ең жақсы өнімдердің бірі деп атауға болады. Бұл май қабынуды басып, зақымдардың тез жазылуына ықпал етіп, бактериялар мен зеңдерді жояды. Зере майы қышыма, теңге қотыр, ұшық, күйік, теріні зең басу, зақымданған теріні, атопиялық дерматит, сүйел, есекжем секілді денеге шығатын түрлі ауруларды емдеу үшін ұсынылады. Бұған қоса, ол геморрой, ринит және құлақ ауруларын емдеуге көмектеседі.

Қара зере майы косметологияда да сұранысқа ие. Оны маскалардың құрамына, қартаюға қарсы кремдерге, шашты күтуге арналған құралдарға, массаж майларына жиі қосады.

Зере майы теріні ылғалдандырып, жұмсартады және сергітеді. Ол әжімдерді азайтып, терінің серпімділігін және өңін жақсартады. Бұл өнім майлы бездердің жұмысын қалыпқа келтіріп, қызаруды жояды және терінің регенеративті қабілетін арттырады.

Бұдан басқа, бұл өнім целлюлитке қарсы жақсы күреседі және қайызғақтан арылтып, шаштың түсуін тоқтатады. Яғни, жалпы  шаштың құрылымын қалыпқа келтіріп, өсуін ынталандырады және оның жағдайын жақсартады.

Қара зере майының зияны

Зере майының басқа да көптеген күшті дәрілік өсімдіктерден айырмашылығы ол ағзаға елеулі зиян келтірмейді, сондықтан оны қолдануда аса көп қарсы көрсеткіштер болмайды.

Ең алдымен, бұл өнімді жүкті әйелдер қолданбауы керек, себебі ол жатырдың кішірейуіне әкелуі мүмкін.

Сондай-ақ, оны жақында ғана ағзаны трансплантациялау отасын өткерген адамдарға да қабылдауға болмайды. Бұл жағдайда майдың күшті иммунокүшейтуші қасиеті ағзаны қабылдамауды тудыруы мүмкін.

Зере майы қысымды төмендетуге қабілетті болғандықтан, қан қысымы төмен адамдар оны бар сақтықпен қолдануы керек. Сонымен қатар, оны үш жасқа толмаған балаларға беруге болмайды. Және, әрине, бұл өнімді жеке төзімсіздікке байланысты көтере алмайтын адамдарға қолдануға қатаң тыйым салынады.

Ал қалғандары қара зере майын тек бақылаусыз қолданған кезде және ұсынылған дозадан көп қолданған жағжайда жағымсыз әсер көрсетуі мүмкін екенін ескеруі керек.

Қара зере майын қалай қолдану керек

Зере майын қолдануда оң нәтижеге жету үшін тек суық сығымдау арқылы дайындалған әртүрлі қоспаларсыз жоғары сапалы органикалық өнімді ғана қолданыңыз.

Дегенмен, зерені қолданудың көптеген жолдары бар, ал олардан жасалатын өнім де әртүрлі тәсілдермен қолданылады.

Көп жағдайда оның мөлшері жасқа байланысты белгіленеді. Ереже бойынша 3-5 жастағы балаларға жарты шай қасықтан, 5-10 жастағы балаларға 1 шай қасықтан, 10-15 жастағыларға бір жарым шай қасықтан артық бермеу керек. Ал ересектерге арналған майдың оңтайлы, күнделікті дозасы – екі шай қасық. Ең дұрысы, зере майын жылы суға қосып, тамақтанғаннан кейін шамамен жиырма минуттан соң ішу керек.

Жас ерекшеліктен басқа, зере майының қолданылуы мен дозасы қандай ауруды емдейтініңізге байланысты болады.

Қара зере майын әртүрлі ауруларды емдеуде қалай қолданады

Иммундық жүйені нығайту және әл-ауқатты жақсарту үшін күніне жарты шай қасық қара зере майына балға қосып қолдасанса жеткілікті болады.

Қақырықты түсіру үшін. Лимоннан бір шай қасық шырын сығып, оған он тамшы зере майын қосыңыз. Бұл құрамды күніне үш рет тамақтану алдында аз уақыт бұрын ішу керек.

Құлақ аурулары кезінде. Ауырсынуды және қабынуды жеңілдету үшін бір тамшы зере майын ауырған құлаққа тамызу ұсынылады.

Диарея (іш өту) кезінде. Бір стақан табиғи йогуртке ас қасық зере майын қосыңыз. Дайын болған қоспаның жартысын таңертең, ал қалғанын кешке жеңіз. Бұл емдік курс үш күнге жалғасады.

Асқазан жарасы кезінде. Бір стақан қайнаған суға ас қасық зығыр тұқымын қосып, зығыр тұқымының қайнатпасын дайындаңыз. Содан кейін тең мөлшерде оны зире майымен біріктіріңіз. Және бұл өнімді таңғы ас және кешкі ас алдында шай қасықтан қолданыңыз.

Қандағы холестерин деңгейін төмендету үшін. Күн сайын аш қарынға жалбыз жапырақтары мен бір қасық бал және жеті тамшы зере майы қосылған қайнатпа ішу керек. Бұл қайнатпаны қабылдау кезінде майлы тағамдарды тұтынуға болмайды.

Қан қысымы жоғары болған кезде. Бұл жағдайда түймедақ немесе қарапайым шайға бес тамшы май қосып шай ішкен пайдалы. Бұған қоса, денені зәйтүн және зере майы қосылған сұйықтықпен уқалап шығу ұсынылады. Айтпақшы, зере майы қосылған бұл шайды күніне үш рет іше отырып, мидың жұмысын жақсартуға және кешкі астың алдында қолдану арқылы ұйқысыздықтан құтылуға болады.

Суық тиген кезде. Суық тиюді зире майын қолдану арқылы бірнеше жолмен емдеуге болады. Мысалы, зире мен зәйтүн майын бірдей мөлшерде араластырып, күніне үш рет мұрын тесігіне тамызуға болады. Сондай-ақ, бір литр су ыстық суға бір қасық зире майын қосып, соның буымен демалса да болады. Және тамақтан сайын бір стақан шөп шайына жеті тамшы май қосып, ішіңіз.

Тұмау кезінде. Мақтадан кішкентай тампондар жасап, оларды майға салыңыз. Содан май сіңген тампондарды мұрынға қойып, жиырма минутқа қалдырыңыз.

Қара зере майының қолданылуы

Қара зере майы секілді өнімнің өте кең қолданысқа ие болғаны құпия емес. Себебі, бұл майдың әсері күшті болғандықтан, оны таза түрінде тек сүйел, қышыма, бөртпе, дерматит және теңге қотыр сияқты жараларды емдеу үшін терінің кішігірім аумағына ғана қолданған жөн. Ал косметикалық рәсімдер үшін өнімді басқа компоненттермен араластыру ұсынылады. Сонымен, қара зере майын пайдаланудың негізгі жолдарын қарастырайық:

Майлы тері үшін. Жүзім сүйегінің майы мен қара зерені тең мөлшерде біріктіріңіз. Содан кейін бетіңізді тазартып, бет терісін дайын қоспамен майлаңыз да, жарты сағаттан кейін жуып тастаңыз. Сонымен қатар, балшыққа қосып маска жасау да жақсы нәтиже береді. Бұл маска өте оңай дайындалады. Ол үшін балшықты суға араластырып, алынған құрамға бірнеше тамшы зере майын қосыңыз. Бұл масканы бетте 15 минут ұстау керек.

Құрғақ тері үшін. Бір-бір ас қасықтан зере майы мен даршын ұнтағын алыңыз да, оны үш ас қасық қаймаққа қосып, араластырыңыз. Дайын болған қоспаны бетке жағып, шамамен он минут ұстаңыз да, содан кейін оны майлықпен сүртіп тастаңыз.

Безеу болса. Бір ас қасық зере майына 8 тамшы лаванда майын және 6 тамшы шай ағашының майын қосыңыз. Бұдан алынған құраммен бетті майлап, 15 минуттан кейін жуыңыз.

Шаш түсуі кезінде. Шашты нығайту және оның түсуін тоқтатуға зәйтүн мен зере майының қоспасы көмектеседі. Ол үшін зәйтүн мен зере маңының қоспасымен бас терісін сүртіп, 20-30 минутқа қалдырып қою керек. Осындай рәсімді аптасына үш рет жасау қажет. Ал әсерін жақсарту үшін, қосымша зере қосылған шай ішу керек.

Зақымдалған шаш үшін. Қара зере майы жиі боялып, бұйраланып немесе түзетіліп, химиядан зақымдалған шаштарға жақсы көмектеседі. Бұрымды қалпына келтіру үшін он миллилитр зере майына 30 миллилитр жожоба майы мен 10 тамшы түймедақ майын қосыңыз да, дайын құрамды шаштың түбінен ұшына дейін жағып, целлофанмен және сүлгімен орап қойыңыз. Осылайша, бұл масканы бірнеше сағатқа қалдырыңыз.

Целлюлитке қарсы массаж жасау үшін. Целлюлиттен құтылу үшін проблемалық аудандарға зере майын жағыңыз. Содан кейін оны жақсылап ысқылап, қызарғаннан кейін белсенді түрде массаж жасаңыз. Оны шамамен жиырма минут бойы жасау керек. Мұндай массажды екі апта бойы күнделікті жасаған дұрыс.

 

Талқылау
Пікір
Aikenje
11 Мау, 23 жыл - 10:24

Саламатсызба! 

Бұл өнімді қалай аламыз? 

Қайда тапсырыс беруге болады? 

055212
16 Там, 20 жыл - 17:38

Қара зере анкалогиалық ауруға паидама әлде зианба егер паида болса қалаи қолданады аитып жіберіңізші

Абзал
06 Қаз, 19 жыл - 23:01

Бұл онимди қалай, қай жерден сатып алуға болады