Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зәйтүн майының 7 түрлі пайдалы жағы

Зәйтүн майының адам денсаулығы үшін көптеген пайдасы бары жиі айтылады. Тіпті, жерорта теңізі аумағы халқының ұзақ өмір сүру сырын зәйтүн майымен байланыстырады.

Зәйтүн майының 7 түрлі пайдалы жағы

Бұл ретте кез-келген асүйден табылатын қарапайым өнімнің ең басты пайдалы қасиеттерін атап өтуді жөн деп таптық.

Пайдалы майлар көзі

Зәйтүн майында холестерин деңгейінің түсуіне әсер етіп, қан ұюын қалпына келтіретін пайдалы қанықпаған майлар бар. Аталған майды тағамдық мақсатта жиі қолданатын адамдарда жүрек аурулары мен инсульт пайда болуы қаупі айтарлықтай төмендейді.

Антиоксиданттар көзі

Зәйтүн майында күшті антиоксиданттар болып табылатын Е дәрумені мен каротиноидтер бар. Олар организмдегі бос радикалдар мөлшерін азайтуға көмектеседі. Сонымен қатар өнімде олеокантал табиғи қосылысы бар. Ол қатерлі ісік жасушаларымен күресуге қабілетті.

Қан қысымын қалпына келтіру қасиеті

Қанықпаған майлардан бөлек,зәйтүн майында Омега-3 май қышқылдары бар. Омега-3 май қышқылдарының қан қысымын қалпына келтіріп, жүрек денсаулығын ұзақ жылдарға сақтайтыны дәлелденген. Бұл пайдалы мац қышқылдарын дене өздігінен өндіре алмайды. Сондықтн оларды тағамнан алуға мәжбүрміз.

Күйзелістен қорғайды

Зәйтүн майы адамның көңіл-күйіне де ықпал етеді. Наварра және Лас-Пальмас-де-Гран-Канария университеттері зерттеу жұмысын жүргізіп, оған 12 000-нан астам адам қатысқан. Ғалымдар зәйтүн майы мен көп қанықпаған майлардың көп мөлшері негізінде ұсталатын емдәмнің психикалық ауруларға шалдығу мүмкіндігін азайтатынын анықтаған.

Остеопороздың алдын алады

Зәйтүн майын жиі қолдану организмдегі кальций мөлшерінің артуына ықпал ететінінің дәлелі күн сайын артуда. Өз кезегінде ол остепороз дамуының алдын алуға себін тигізеді.

Альцгеймер дертінің пайда болу мүмкіндігін төмендетеді

Алғашқы зерттеу жұмыстары зәйтүн майының жасқа байланысты когнитивті бұзылулардың алдын алып, Альцгеймер дертінің пайда болу мүмкіндігін төмендететінін көрсетті. Әзірге мәселенің нүктесін қоятын дәлелдер жоқ. Бірақ зәйтүн майы жерорта теңізі аумағындағы емдәмнің бір бөлігі болып табылатыны бәрімізге аян. Ал бұл жүйенің Альцгеймер дертінің алдын алу мақсатындағы пайдасына ғалымдар күмән келтірмейді.

Қабынуды басады

Зәйтүн майы қабынуға қарсы стероидті емес дәрі-дәрмектер әсеріне ұқсас ықпал етіп, құздамалық шорбуын сынды ауруларда көмектесетіні анықталған. Пайдалы қосылыстар созылмалы және асқынған қабыну процесіне әсер ете алатын қабынуға қарсы ферменттерді баяулатады. Құздамалық шорбуын ауруын зерттейтін ғалымдар зәйтүн майының 3-4 ас қасық мөлшері ибупрофен таблеткасының баламасы бола алатынын айтады.

 

Талқылау