"Қар аралас жаңбыр жауады": Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жасады
Қазгидромет 12-14 қазанға арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің пайымдауынша, алдағы күндері ауа райы күрт өзгереді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сурет pexels-тен алынған
Мамандар алдағы күндері ауа-райының тұрақсыз сипаты Қазақстанның басым бөлігінде сақталатынын жеткізді. Жауын-шашынды болып, қар аралас жаңбыр күтіледі.
12 қазанда батыста, солтүстік-батыста, 13 қазанда орталықта, оңтүстікте, 14 қазанда шығыста, 13-14 қазанда еліміздің оңтүстік-шығысында-қатты жауын-шашын болады. Республика бойынша көктайғақ, екпінді жел күтіледі. Түнде және таңертең тұман болжанады.
Ауа температурасы шығыста түнде 3-11 градусты аяз болжанған. Күндіз 10-22 градустан 4-15 градусқа жылынады. Еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде 10-18 градус, таулы аудандарда 2-7 градустан 0-10 градусқа дейін ауа температурасы өзгереді. Таулы аудандарда аяз күтіледі.
Алматы әкімдігі тұрғындардың наразылығын тудырған эстакадаға қатысты суретке түсініктеме берді
Тағы бірі Алматыдағы кейбір жол құрылыстары кептелісті жеңілдетуден гөрі арттырады деп алаңдайды
"Ақыл-ойы кемістігін пайдаланып алдаған": Жамбыл облысында зорланып, жүкті болып қалған оқушының анасы 6 айдан бері әділдікке қол жеткізе алмай жүр
Жәбірленушінің анасы бір ғана адамның күдікті ретінде танылғанына наразы