Қапшағайда казинолар жабылады: Бас санитарлық дәрігердің жаңа қаулысы
Алматы облысының бас санитарлық дәрігері жаңа қаулыға қол қойды. Қаулыда аймақта бұрын белгіленген карантиндік шектеулерді ұзарту қарастырылған.

Сонымен қатар, жаңа жарлықта ойын мекемелерінің, казинолардың, сондай-ақ ойын ойнатылатын ғимараттардың жұмысына тыйым енгізілді.
Сондай-ақ, қоғамдық көліктердің жұмыс уақытын сағат 23.00-ге дейін ұзартты.
Тамақтандыру объектілерінің жұмыс уақыты сағат 7.00-ден 00.00-ге дейін ұзартылды. Демалыс күндері олардың жұмысына тыйым салынады.
Сондай-ақ, жаңа қаулы монша, сауналардың, спа-орталықтар 8.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс уақытын белгілейді.
Регламент 22 қараша сағат 07: 00-ден бастап күшіне енеді.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”