Қапшағайда ерлі-зайыптылар асылып тұрған жерінен табылды
Қапшағайдағы жанармай құю станцияларының маңынан ерлі-зайыпты екі адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентігі.

Полицияға таңертең олардың өлімі туралы хабар түскен. Оқиға орнына барған құқық қорғау қызметкерлері 22 жастағы жігіт пен 18 жастағы қыздың қаладағы жанармай бекеттерінің бірінің маңында асылып тұрған жерінен тапқан.
“Ерлі-зайыптылардың мәйіттерін тексеру кезінде зорлық-зомбылық белгілері табылған жоқ. Соған қарағанда олар өздеріне қол жұмсаған болуы мүмкін деген болжам бар. Қазіргі дерек бойынша барлық мән-жай анықталып жатыр”, — деді облыстық ПД баспасөз қызметі.
Сондай-ақ полицияда түпкілікті шешім сот-медициналық сараптама нәтижелері бойынша қабылданатынын әрі тергеу мүддесі үшін толық ақпарат жарияланбайтын айтты.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды