"Қантөгісті тоқтатуға міндеттісіз": Янукович Зеленскийге үндеу жолдады
Украинаның бұрынғы президенті Виктор Янукович қазіргі прзидент Владимир Зеленскийге үндеу жолдап, қантөгісті тоқтатуға шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

Януковичтің сөзінше, бейбіт келісімге келуді екі тарап та қалап отыр.
"Сіздің "кеңесшілеріңіздің" көп екенін түсінемін, бірақ сіз қантөгісті тоқтатып, бейбіт келісімге келуге міндеттісіз. Мұны Украинада, Донбасста және Ресейде күтіп отыр және сізге барша украиналықтар мен Батыстағы серіктестеріңіз де алғыс айтады", – делінген бұрынғы президенттің үндеуінде.
Янукович Зеленскийге президент сайлауының алдында берген уәдесін еске салып өтті.
"Президент болып сайланар кезде Украинада соғысты тоқтатуға уәде бердіңіз. Президент атандыңыз, бірақ бейбіт күн орнамады", – деді Янукович.
Айта кетейік, бұған дейін украиналық БАҚ Ресейдің Януковичті президент етіп тағайындағысы келетінін жазған. Кейін Януковичтің ұшағы Минскте байқалған еді.
"Қазақстан аруы" Алина Ри "Ғалам аруында" киетін 30 келілік костюмін көрсетті
Алина Ри: "Қазақстанды алғаш рет әлемнің үздік 30 елінің қатарына қосуды армандаймын"
Шетелден көлік әкелуге қатысты заң өзгерді: Қазақстандықтар нені білуі керек
Қыркүйекте көлік экспорты туралы заң шыққаннан кейін шетелден көлікті қалай әкелеміз?