Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қаңтар оқиғасы: Оқ тиіп қаза болған Айкөркемнің әкесі мен күдікті арасында жанжал орын алды

Қаңтар оқиғасы кезінде оқ тиіп қаза болған Айкөркемнің әкесі күдіктімен жанжалдасты. Алматы горнизоны әскери прокуратурасының алдында болған оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарап жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Видеодан қыздың әкесі Айдос Меделхан "Сен неге еркіндікте жүрсің?" деп күдіктіні ұстап алып, Әскери прокурорды шақырғаны көруге болады.   Күдіктінің анасы "Менің баламды жібер" дегенде бүлдіршіннің әкесі "менің баламды атқан осы, сонда атуға бола ма екен?" деп жауап берді.

Айкөркемнің әкесі күдіктіні күшпен Әскери прокуратураға кіргізбекші болады. Арман есімді күдікті журналистерге өзінің кінәлі емес екенін айтуда.

"Менің кінәм жоқ. Мен ол жердегі Volkswagen көлігін көрген де жоқпын. Бұл кісінің көлігін көрмедім. Болды. Айтарым сол. Басқа ештеңе айта алмаймын. Мен қазір бөлімшеде бақылаудамын", - деді ол.

Оқиғаға араласқан полиция қызметкері кінәліні сот анықтайтынын айтып, дауға қатысушыларды сабырға шақырды.

Талқылау