Қаңтар оқиғасы кезінде резиденцияға басып кіріп, тәртіпсіздікке қатысты деп айыпталған 11 адамға прокурор жаза сұрады
12 сәуірде Алматының Наурызбай аудандық сотында Қаңтар оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздікке қатысты деп айыпталған 11 адамның сотында жарыссөз басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агентігі Азаттық радиосына сілтеме жасап хабарлайды.
11 адамның соты былтыр қыркүйекте басталған.
Айыпталушылар бұған дейін тергеудің объективті жүрмегеніне шағымданды. Сондай-ақ оларды тергеу абақтысында азаптағанын да мәлімдеген. Бірақ бұл дәлел болмағандықтан жабылған.
Прокурор айыпталушыларға жаза сұрады.
- Серік Кекілбаев Матайұлы "жаппай тәртіпсіздік", "ғимаратқа басып кіру", "билік өкіліне күш қолдану" бойынша 11 жылға бас бостандығынан айыру;
- Тұрсынбай Алпысбаев Бауыржанұлы, "жаппай тәртіпсіздік", "ғимаратқа басып кіру", "билік өкіліне күш қолдану" бойынша 10 жылға бас бостандығынан айыру;
- Ақжол Жандарбеков Смайылұлы, "жаппай тәртіпсіздік", "ғимаратқа басып кіру", "билік өкіліне күш қолдану", "адамды кепілге алу" бойынша 12 жылға бас бостандығынан айыру;
- Нұртас Каранеев Сейітмұхаметұлы, "жаппай тәртіпсіздік", "ғимаратқа басып кіру" бойынша 10 жылға бас бостандығынан айыру;
- Рысбек Мамыров Жүнісбекұлы, "жаппай тәртіпсіздік", "ғимаратқа басып кіру" бойынша 10 жылжылға бас бостандығынан айыру;
- Қосай Маханбаев Кәрімгалиұлы, "жаппай тәртіпсіздік", "ғимаратқа басып кіру" бойынша 10 жылға бас бостандығынан айыру;
- Әбидолла Таубай, "жаппай тәртіпсіздік", "ғимаратқа басып кіру" бойынша 10 жылға бас бостандығынан айыру;
- Арман Әлімбеков Әшірәліұлы, "жаппай тәртіпсіздік", "ғимаратқа басып кіру" бойынша 10 жылға бас бостандығынан айыру;
- Нұрсұлтан Байкісиев Сұбханұлы, "жаппай тәртіпсіздік", "ғимаратқа басып кіру" бойынша 10 жылға бас бостандығынан айыру;
- Дәурен Бакиев Маратұлы, "жаппай тәртіпсіздік", "ғимаратқа басып кіру" бойынша 10 жылға бас бостандығынан айыру;
- Серікбол Орынғазы Орынбайұлы, "жаппай тәртіпсіздік", "ғимаратқа басып кіру" бойынша 10 жылға бас бостандығынан айыру.
Прокурордың сөзінше, 11 адамның 9-ы кінәларын ішінара мойындаған. Ал Нұртас Қаранеев пен Серік Кекілбаев айыпты мойындамаған.
Айыпталушылардың бірі Ақжол Жандарбеков тергеу изоляторында қамауда отыр. Қосай Маханбаев үйқамақта. Ал қалған 9 адам бостандықта жүр.
Талқылау

"Жиырмадан асқан жігіттер қырындайды": Қызының қатарласындай жас көрінетін 40 жастағы қазақстандық әйел желі жұлдызына айналды
Альбинаны көбіне қызының құрбысы немесе әпкесі деп ойлайды екен

Тұрғын үй кіреберісіне балалар арбасын, велосипед және тағы басқа зат қойғандарға қандай жаза бар
Подъезге жеке заттарын және қоқыс қойғандарға 19660 теңге айыппұл салынады