Қаңтар айындағы ҰБТ нәтижелері анықталды
Қаңтардағы ҰБТ-ны тапсырған 123 мың адамның 103 мыңы шектік баллды жинады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Имелбаевтың айтуынша, 83%-ы шектік баллды жинады.
"Қаңтар айындағы ҰБТ-ны 123 мыңға жуық адам тапсырды. Оның 77%-ы, яғни 95 мың тестіленуші қазақ тілінде, 23%-ы орыс тілінде тапсырса, 91 талапкерге ҰБТ-ны ағылшын тілінде тапсыруға рұқсат берілді.
Қаңтардағы ҰБТ-ға ерекше білім беру қажеттіліктері бар 274 бала қатысты”, – деді Емесбаев ОКҚ брифингінде.
Қаңтардағы ҰБТ-ның орташа баллы – 76 балл, ал ең жоғарысы 139 балл. 139-ды тестіленушілердің бесеуі жинады.
Алматы облысында әйел көлікпен үйдің ауласына кіріп кеткен: Жарақат алған тұрғын бір аяғынан айырылды
Салдарынан аулада әйелдің аяғын ампутацияламақ
Шымкентте әскерге барудан қашқан 23 жастағы жігіт үшінші қабаттан секіріп комаға түсті
Жанна: “Ұлыма қысым көрсеткендер әскери комиссариат қызметкерлері болмай шықты”