"Қаншама еңбек кетті": Бекзад Нұрдәулетов Токиодағы жеңілісінен соң жанкүйерлерге жазба арнады
Бокстан әлем чемпионы Бекзад Нұрдәулетов Токиодағы жеңілісінен соң жанкүйерлерге жазба арнады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Алға қойған мақсатымызға жете алмадық. Бәрі біз ойлағандай бола бермейді.
Бокстағы 13 жылдың ішінде қаншама еңбек, тер, жарақаттар мен қан кетті, осының бәрі сол бала кездегі Бекзадтың арманынан басталған болатын.
Қандай жағдай болмаса да қасымда табылатын отбасыма, бауырларыма, жақындарыма және шын жанашыр жандарға алғыс айтамын! Нелер келіп, не кетпес ер жігіттің басына" , – деп жазды Бекзад.
Айта кетелік, Токио Олимпиадасының алғашқы айналымында Бекзад Нұрдәулетов ресейлік Имам Хатаевқа жол берді.
"Балалардың қызуы 40°C-қа дейін көтеріліп, ауруханаға түсіп жатыр": Алматыда қандай инфекциялар таралып жатқаны белгілі болды
Маман ата-аналар баланың жағдайын мұқият бақылауы керегін ескертті
“ҚазМұнайГаз” 34 көлікті бес жылға жалдауға 4,2 миллиард теңге жұмсамақ
«ҚазМұнайГаз» 4,2 миллиард теңгеге көлік жалдамақ: компанияның жауабы қандай?