"Канело" қазақ боксшыларын жаттықтырды (видео)
Супер орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы Сауль "Канело" Альварес (58-2-2, 39 КО) қазақстандық боксшылармен тәжірибесімен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Suleimen Promotions баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Канело" Әбілхан Аманқұл (2-0, 2 КО) мен Бек Нұрмағанбетпен (8-0, 6 КО) оқу-жаттығу өткізіп, спортшыларымызға тапсырма беріп, мысалмен түсіндірді.
Сонымен қатар ол барша қазақстандық жанкүйерлерге сәлем жолдады.
"Барша қазақстандық жанкүйерлерге сәлем. Құшақтадым. Досың Канелодан",- деді ол.
Еске салайық, өткен жылдың қыркүйек айында Сауль Альварес қазақстандық ардагер Геннадий Головкинді (42-2-1, 37 КО) ұтқан болатын.
"Адам қанын ішіп, етін жеген": Атышулы каннибал Жұмағалиевтің қылмыстары неге жылдар бойы ашылмай келді
Ол әйелдерді өлтіріп, денесін бөлшектеп келген
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған

