Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Канье Уэст жаңа клипінде Рианна мен Дональд Трампты “тыр жалаңаш шешіндірді” (видео + 18)

24 маусым күні Канье Уэст Tidal музыкалық сервисінде “Famous” әніне түсірілген су жаңа бейнебаянын жариялады.

итит

Бұл туралы tjournal.ru хабарлайды.

Әнбаянда 11 танымал адам жалаңаш күйде көрініс береді: Ким Кардашьян (Уэсттің әйелі), АҚШ президенттігіне үміткер Дональд Трамп, әнші Тейлор Свифт, экс-президент Джордж Буш, актер Билла Косби, жынысын ауыстырған тележүргізуші Кейтлин Дженнер, әнші Рианна, музыкант Криса Брауна, журналист Анну Винтур, және Уэст пен Кардашянның бұрынғы махаббаттары — модель Эмбер Роуз бен актер Рэй Джея.

ититит

Уэсттің айтуынша, бұл клипте ол ешкімді мазақ қылғысы келмеген, тек бұл – “атақтыларды мойындау” дейді. Ол өзінің достары үшін роликтің жабық көрсетілімін ұйымдастырғанын айтты. Ал түсірілім кезінде атақтылардың ұқсас егіздері ойнапты. Оның ішінде Дональд Трамп өзінің түсірілімге қатысуын жоққа шығарды.

Дегенмен, Уэсттің атақты адамдардың түр-тұлғасын пайдалану үшін рұқсат алғаны және өзінен басқа нағыз атақтылардың түсірілімге қатысқаны белгісіз. Ролик америкалық суретші Винсента Диседерионың “Түс” деп аталатын картинасына негізделген.

Талқылау