Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қанды шприцтер шашылып жатыр": Атырау тұрғындары қорқыныштарын жеткізді

Атыраудағы Береке ықшам ауданы тұрғындары үреймен өмір сүруде. Олар көпқабатты үйлердің маңында шашылған қанды шприцтерді жинаудан да шаршапты. Әлеуметтік желіге жариялаған видеодан соң ықшамаудан халқы наразылық білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Астана” арнасына сілтеме жасап. 

Олар есірткі секілді әсер беретін "трамадол", "тропикамед" препараттарын емін-еркін сатуға шектеу қойылуын сұрайды.

Мектепке жердегі көпқабатты үйлердің қуыс-қуысы нашақорлардың мекеніне айналған. Шашылған қанды шрицтер соның дәлелі дейді тұрғындар. Тіпті жаңа ғана пайдаланғандары да анық көрінеді. Бүгінде мұндағы бұқарадан маза қашқан. Олар балалары үшін қорқады.  

“Алаңдаймыз, бәріміз де қорқамыз. Бала үшін бәрі. Наркотикке тойып алған қауіп қатер төндіруі мүмкін ғой. Қараңғыда келеді. Шара қолдану керек қой”, – дейді Береке ықшам ауданының тұрғыны Ержан Қадырбаев. 

Шприцтерді жинап тастағанымен, жаңасы күнде пайда болатынын айтады. Полицияғада барған. Олар жастар есірткі орнына қолданатын "трамадол", "тропикамед" психотропты препараттарды сататындарға айыппұлдан басқа амал жоқ деп кері қайтарған.

“Бұларды көп мөлшерде, ұзақ уақыт пайдалану тәуелділікке әкеледі. Бірақ бұл препараттар  онкологиялық, хирургиялық, көз ауруларын емдеуге керек. Олар керек.  Тек оларды беруді қатайтқан жөн. Олар еркін саудада болмауын, тек дәрігер тағайындауымен сатылуы қатаң қадағалансын”, – дейді нарколог-дәрігер Светлана Добрынина.

Берекеліктердің шағымынан соң  полицейлер сол маңда тұратын  наркологиялық диспансердің есебінде тұрған азаматтарды да тексерген. Сол ықшам ауданның өзінен 48 жастағы әйелден  600 дана осындай препарат тәркілепті.

“Аталған "Береке" ықшам ауданынан  сол күні осындай дәрілерді заңсыз  айналымын жүргізген  сатумен айналысқан азаматша ұсталып,  оны тәркілеу барысында одан  неше түрлі психотроптық дәрілер тәркіленіп алынды”, – дейді Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.

Тек жыл басынан бері, яғни 2 айда трамадол, тропикамед сатқан 8 әйел адам анықталған. Олардан жалпы саны 10 мыңнан астам дәрі тәркіленген. Барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұлмен құтылған.

Талқылау