Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қандастарға баспана сатып алу немесе үй салу үшін ақшалай төлемдер беріледі

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 24 ақпандағы бұйрығымен Отандастарды ерікті түрде көшіру қағидаларына өзгерістер енгізілді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

көшу

Өңірлік комиссия жыл сайын 15 қаңтарға дейін қандастар мен көшіп келгендерді қоныстандыру үшін елді мекендердің тізбесін қарайды.

Өңіраралық қоныс аудару шеңберінде тұрғылықты жерге келгеннен кейін қандастар мен олардың отбасы мүшелеріне материалдық көмек төленеді.

Оларға Ұлттық банк бекіткен ипотекалық бағдарлама немесе мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары шеңберінде тұрғын үй сатып алу, салу немесе ипотека бойынша бастапқы жарна үшін ақшалай төлем – экономикалық ұтқырлық сертификаты беріледі.

Экономикалық ұтқырлық сертификаты қандастар мен қоныс аударушыларға тұрғын үй сатып алу кезінде беріледі.

Ақшалай төлем алу үшін халықты жұмыспен қамту орталықтарына өтініш беріп, қажетті құжаттар жинау керек:

  • Үй сатып алу-сату шарты;
  • Екінші деңгейдегі банктің тұрғын үй қарызын беруді мақұлдағанын растайтын құжат;
  • Тұрғын үй салу кезінде қандастың немесе қоныс аударушының меншігінде ЖТҚ және/немесе ЖТҚ жер учаскесінің болуын растайтын құжат.

Халықты жұмыспен қамту орталықтары үш жұмыс күні ішінде оны қарайды, экономикалық ұтқырлық сертификаты бойынша ақшалай төлем беру туралы себептерін негіздей отырып, шешім шығарады.

Бұйрық 2023 жылғы 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қырмызы Скендирова
Бейсенбі, 02 Наурыз, 2023 10:49